«Алтын-емел» ұлттық паркінде көбейген құландарды өзге өңірлерге бөліп жатыр. Мақсат – қызыл кітапқа енген жануарды түрлі ортада жерсіндіру. Қорықшылар биыл 30 бас жабайы жануарды «Іле-Балқаш» резерватына жөнелтті, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы жүздеген бас құланды жібереді. Айта кетейік, елімізде құланның ең көп шоғырланған жері осы «Алтын-емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Онда 3,5 мыңнан астам жылқы тұқымдас жануар жайылып жүр. Ұлттық парктің Қапшағай су қоймасымен шектесетін бөлігін мекендейді. Табиғи тепе-еңдікті қалпына келтіріп, биоалуандықты сақтау мақсатындағы экологиялық жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асуда.
Қуат Байтұрбаев, «Алтын-емел» МҰТП директоры:
– «Созақ» орман шаруашылығына 30 бас жібердік. Қостанайға бұған дейін 60 бас жіберілген, биыл тағы 30 бас жөнелттік. Осылайша, Қостанайға жіберілген жануарлардың жалпы саны 90 басқа жетті. Сонымен қатар, Іле-Балқаш өңіріне 130 бас жіберіп жатырмыз.
Тегтер #Жетісу #құлан #Алтынемел #Қызыл кітапPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz