RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада микроқаржы ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалды

20.10.2026, 18:00 31

Көп асқанға бір тосқан. Еліміздің 18 өңірінде микронесие рәсімдеу кезінде азаматтарды жаппай алдаған «Экспресс Займ» ұйымы директорының орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйым қарыз алушыларға ақылы кеңес беру қызметін міндетті түрде рәсімдеуді талап еткен. Қызмет құны несие сомасына қарай белгіленіп, негізгі берешекке қосылған. Ал одан бас тартуға болатыны борышкерлерге айтылмаған. Салдарынан қарыз алушылар қолына тиесілі сомадан аз ақша алғанымен, оны сыйақысымен қоса толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған. Тергеу деректеріне сәйкес 43 мың азаматпен осы қызметке қатысты 181 мыңнан астам шарт жасалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz