Республика күні қарсаңында Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды. Құны 500 млн теңге болатын заманауи ғимарат ескі вокзалдың орнына салынды, деп хабарлайды 24KZ.
«Бұрынғы бекет 50 жолаушыға арналған болса, жаңасы бұдан анағұрлым кең әрі ыңғайлы», – дейді жауаптылар. Қазір елде мемлекет қаражаты есебінен 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ал Құлсарыдағы нысан толығымен жеке инвестиция есебінен бой көтерді.
Алмас Абайдельдинов, көлік-логистика компаниясының бас директоры:
– Жаңадан салынған ғимарат 4 есе үлкен. Барлық қажеттіліктер қарастырылған. Мүгедек адамдарға, ана мен балаға және басқа да қажеттіліктер үшін барлық жағдай қарастырылған.
Тегтер #24KZ #ҚұлсарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz