Өткен ғасырдың 80-жылдары Сырдарияда мол су болып, Құмжарғанның арнасы тасыған, деп хабарлайды 24KZ.
«Сол кезде елді мекендерді су басу қаупінен қорғау үшін сағасы жабылған еді», – дейді ауылдықтар.
Сәрсенбай Піртаев, Майлытоғай ауылының тұрғыны:
– Құмжарғанда бұрын да саға болып, «Итаяқ» деген көлге де құятын. Содан елдің бәрі сол жерге егін егіп, Итаяқ көлінен балық аулайтын. Кейін көзі бітеліп қалды, жылда су болмай, мал бет-бетімен кетіп, ел егін еге алмай қалған.
Қазір Сырдарияда су азайды. Дегенмен Майлытоғай, Сұлутөбе және Тартоғай тұрғындары егін еккісі келеді. Алайда ағын су жоқ. Сондықтан олар Құмжарған каналын қалпына келтіруді сұраған.
Кажденбек Маматов, Сұлутөбе ауылының тұрғыны:
– Жан-жақтан инвестор тартсақ та, жүгері мен жоңышқа егілсе де, ауылда жұмыс болса да, шаруа қожалықтарының бәрі су болмағаннан кейін ешқандай жем-шөптерін дайындай алмай отыр.
Тұрғындар ұсынысы ескерілді. Қазір ұзындығы 28 шақырымдық Құмжарған каналы қайта қазылып жатыр. Оның бойында 4 гидроқұрылғы орнатылады. Жалпы өңірде «Климаттық тұрақты су ресурстарын қамтамасыз ету» жобасы аясында 5 су арнасы қалпына келтірілуде.
Қайратбек Сәрсенбаев, «SK Water Solutions» ЖШС өкілі:
– Бес каналымыздың жалпы ұзындығы – 105 километр. Осы бес каналдың бойында жалпы егілетін егістің көлемі – 9800 гектар. Бұның екеуі Қазалы ауданында, біреуі Арал ауданында және Шиелі ауданында екі канал бар.
Құмжарған арнасы іске қосылса, 5 мың гектардан астам егіндік жерге су жетеді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев
Тегтер #24KZ #Сыр өңірі #Қызылорда облысы #су арналары #жаңғырту жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz