RU
Толық нұсқаға өту

Менің республикам - менің мақтанышым

21.10.2026, 07:27 44

25 қазан - егемендік декларациясы қабылданған тарихи күн.

Сондықтан Республика күнін күнтізбедегі белгі емес, тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы, әрі шешуші қадамы деп атауға болады. Бүгінде ел келбеті тұтастай өзгеріп, елорда жаңа сәулеттік нысандармен толықты. Инфрақұрылым жаңарды, түрлі салаларда серпіліс бар. Бастысы, жастардың сапалы білім алып, білікті маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік артып отыр, дейді елорда тұрғындары. Халықтың пікірін сұрап білген едік. 

БЛИЦ

-  Мен Целиноград кезінен тұрамын. Ең бірінші Астана салынғанда мен өзім құрылыста істегенмін. Бәйтерек жақ, бәрі дала болатын. Қазір қалай дамыды. Көз алдымызда дамып жатыр. Халықтың жағдайы жақсы қазір.

- Жетістігі сол - жастарымыз оқып жатыр, үлкен мамандық иесі болып жатыр. Ең бастысы екі сала ғой өміріміздегі - денсаулық саласы және білім саласы. Екі жағында да даму болып жатқан сияқты. Жастар дамытып, жастар әрі қарай алып кетсе.

- Мына ЛРТ-ның өзі қаншама жетістік. Өте қуаныштымыз. Қазақстан әрқашан дамып келе жатыр. Білім жағынан да, барлық жағынан дамып келе жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz