RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан – Таиланд: экономикалық ынтымақтастық

21.10.2026, 17:01 33

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі «Қазақстан–Таиланд: жан-жақты әріптестік жолында» атты бизнес-конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды 24KZ.

Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, іскерлік қауымдастықтары мен компанияларының өкілдері қатысты. Өз сөзінде Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан 2025 жылы Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 8%-ға өсіп, шамамен 255 млн АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Ал биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш 14,3%-ға ұлғайып, 182,3 млн АҚШ долларына жетті. Енді тараптар ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерін қайта өңдеу, маңызды минералдар, энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, туризм және қонақүй бизнесінде ынтымақтастықты арттыруға мүдделі.

Кирида Бхаопичитр, Таиландтың сауда вице-министрі:

– 2027 жылы Таиланд пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады. Алдағы уақытта да қарым-қатынасымыздың одан әрі нығая беретініне сенемін. 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Республика күні құтты болсын!

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz