RU
Толық нұсқаға өту

Депутат педагог-ассистенттердің еңбекақысын бірыңғай есептеуді ұсынды

21.10.2026, 17:02 33

Өңірлерде педагог-ассистенттердің еңбек жүктемесі мен жалақысы әркелкі есептеледі. Депутат Айнагүл Балташева Құрылтай отырысында осы мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды 24KZ.

Балташева келтірген статистикаға сай, елде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңға жуық бала тіркелген. Ал білім беру ұйымдарында 6,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Педагог-ассистент ерекше баланың білім алуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне кәсіби қолдау көрсетеді. Бірақ бұл мамандардың апталық нормативтік оқу жүктемесін есептеу нормалары нақтыланбаған. Осы орайда депутат педагог-ассистенттің еңбек құқығын қорғауға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Айнагүл Балташева, ҚР Құрылтай депутаты:

– Оқу-ағарту министрлігіне келесі ұсыныстарды жолдаймыз. Біріншіден, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның талаптарын ескере отырып, педагог-ассистенттердің аптасына 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесін және оны құқықтық тұрғыдан нақты бекіту мүмкіндігін қарастыруды, қаржылық негіздеме әзірлеуді ұсынамыз. Екіншіден, баланы тікелей сүйемелдеу уақыты мен сабаққа дайындалу, педагогтермен бірлесіп жұмыс істеу, құжаттама жүргізу сияқты өзге кәсіби міндеттерге жұмсалатын жұмыс уақытын нақты ажыратып, есепке алу тәртібін белгілеу қажет. Үшіншіден, педагог-ассистенттердің еңбек жүктемесі мен еңбекақысын есептеудің республика бойынша бірыңғай тәртібін қамтамасыз етуді ұсынамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz