Қазақстанда креативті экономиканы дамыту және бұл саланың әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды «24KZ».
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» басқарма төрағасының орынбасары Алмас Сағынұлының айтуынша, елімізде ұлттық экономиканы дамытуда өзіндік үлесі бар креативті индустрияның сәулет, сән, өнер, музыка, дизайн, кино, IT-технологиялар мен халық қолөнері секілді шығармашылық бағыттары жұмыс істейді.
Креативті индустрия — бұл жоқтан бар жасау емес, қолда бар дүниені заман талабына сай бейімдеп, кәсіпкерлік көзқараспен тиімді пайдалану. Ал жасанды интеллект шығармашылық мамандықтарды жоймайды, керісінше олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін қуатты құралға айналуда.
Әсіресе постпродакшн, дизайн концептерін жасау, музыкалық демоверсиялар құру сияқты күнделікті уақыт алатын операциялық жұмыстарды автоматтандыру арқылы креаторлардың шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасалуда. Сонымен қатар жақсы идеясы бар талантты жастарға қаржылай қолдау көрсетумен қатар, жобалық менеджмент пен маркетингті үйрететін акселерациялық бағдарламалар ұйымдастырылып, пичинг алаңдары мен гранттық механизмдер арқылы инвесторлармен байланыс орнатылуда.
Біздің қор қаржылай көмектен бөлек, қаржылай емес көмектер де көрсетеді. Әрбір талантқа жобалық менеджмент пен маркетинг жұмыстары керек. Сол бағытта қазір Алматы, Шымкент және Астана қалаларында акселерациялық білім беру бағдарламалары өтіп жатыр. Шетелден келген сарапшылар мен венчурлық қорлардың өкілдері келіп сабақ беріп, жобаларға инвестиция жасағысы келеді, - деді Алмас Сағынұлы.
Тегтер #креативті индустрия #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz