Петропавлдағы «Ойқала» шағын ауданында волонтерлар аллеясы ашылды. Еріктілер жаңа демалыс орнына алма, қайың және долана көшеттерін екті. Су тасқыны кезінде бұл аумақты су шайып, үйлер қирап қалған еді, деп хабарлайды 24KZ.
Кейін қоқыстан тазартып, абаттандырып, жасыл желек егу туралы шешім қабылданды. Бүгін аллея тұрғындар игілігіне тапсырылды. Келушілерге ойын-сауық ұйымдастырылды. Сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытқандар сыйлық алды. Экологиялық іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Қазір облыста 10 мыңнан астам ерікті бар. Оның 3,5 мыңы Петропавлда еңбек етіп жүр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл аллея бірліктің символына айналады
Даяна Баймұқанова, «Штаб JE SKO» ҚБ төрайымы:
– Бүгін волонтерлер аллеясын Подгора шағын ауданында ашып жатырмыз. Осы орын жай таңдалған жоқ. Өйткені бірнеше жыл бұрын су тасқыны болды. Осы жақта волонтерлер жұмыс атқарды. Сонымен қатар бүгінгі аллеяның ашылуы осы игі істің жалғасуы ретінде болады.
Тегтер #Таза Қазақстан #Петропавл #аллея #волонтерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz