RU
Толық нұсқаға өту

Оралда «Мейірім FEST» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

21.10.2026, 19:13 28

Оралда «Мейірім FEST» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Көрме-жәрмеңкеге ерекше жандардың қолынан шыққан дүниелер қойылды. Көздің жауын алатын кәдесыйлар мен қолөнер туындылары, сәндік-зергерлік бұйымдар мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігі зор екенін айғақтайды, деп хабарлайды 24KZ.

Әр туынды – автордың таланты мен шеберлігінің, шығармашылық әлемінің көрінісі. Келушілер бірегей бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып ала алады. «Осы арқылы ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсетуге болады», – дейді ұйымдастырушылар.

Жақсылық Абдолов, БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл бұйымдардың барлығы да еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушылар мен қызмет алушылардың бірлескен еңбегі арқылы жасалған бұйымдар. Қайырымдылық айлығы аясында бұл шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мақсат – қызмет алушылардың еңбектерін көрсету, еңбектерін бағалау. Мүмкіншілік болған жағдайда мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндігі шексіз екенін көрсеткіміз келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz