Оралда «Қыран елім – Қазағым!» атты жастар патриоттық форумы өтті. Республика күніне арналған ауқымды басқосуға 500-ге жуық студент қатысты. Жиында Жастар ресурстық орталығы мен «Әділет» партиясы Жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндағы мақсат – жастар арасында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Форумға өз саласының үздіктері спикер ретінде қатысып, табысқа жету жолындағы табандылық пен азаматтық ұстаным туралы айтты.
Ерлік Шамғали, «Әділет» партиясы ЖҚ БҚОФ төрағасы:
– Спикерлеріміз – өз саласының үздіктері, өз саласының майталмандары. Өйткені осындай мықты тұлғалар жастарға айтатыны бар, жастарға үлгі аларлықтай бүгінгі өзінің тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл жердегі негізгі мақсат – жастардың патриоттық сезімін, елге, жерге деген жалпы туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.
Тегтер #Орал #жастар #форум #әділет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz