RU
Толық нұсқаға өту

Тұмаудан созылмалы ауруларға дейін: күзде неден сақ болу керек?

22.10.2026, 09:40 40

Әлем елдері арасында жолаушылар қатынасы артқан сайын жұқпалы аурулардың бір мемлекеттен екіншісіне таралу қаупі өзекті бола түседі. Ұшақтар, пойыздар, әуежайлар мен теміржол вокзалдары – күн сайын мыңдаған адам тоғысатын орындар. Мұндай жағдайда инфекциядан қорғану үшін не істеу керек? Қазақстанда қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?

Арнамызға арнайы келген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Айгүл Катренованың айтуынша, әрбір шетелден келген жолаушылар мен туристер арнайы қатаң бақылаудан өткізіледі.

«Иә, бізде шекарада карантиндік пункттер бар. Оны тепловизор дейді, мұнда температураны өлшейтін құрал-жабдықтар орналасқан. Әрбір шетелден келген адам тексеруден өткен кезде дене қызуы жоғары болса, ол кезде күдікке ілініп, эпидемиология, медициналық зертханалардан тексеруден өткізіледі», - дейді Айгүл Катренова.

Сонымен қатар маман маймыл шешегіне қатысты да сөз қозғады. Оның айтуынша, қазір бұл жағдай елімізде қатаң бақылауда. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр. Оның ішінде маймыл шешегі жағдайларына қатысты эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2024 жылғы 26 тамыздан бастап күшіне енген қаулысы бар», - дейді маман.

Күннің суытуы, ауа температурасының құбылуы күзде жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Жалпы жұқпалы дерттен қалай қорғанамыз? Күзде қандай ауру түрлерінен қауіп бар? ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы маманның мәліметінше, елімізде тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен COVID-19 энфекциясы тіркеліп жатыр.

«1 қыркүйектен бастап бізде 9 тұмау жағдайы тіркелді. Олар зертхана жолымен анықталды. Бәрі бір типке А, Н1 типіне жатады. Одан басқа 800 мың жедел респираторлық вирустық инфекциялар және 54 короновирустық инфекция COVID-19 тіркелді. Мұнан бөлек, тұмауға жатпайтын 373 вирустық инфекциялар тіркелді. Оның ішінде аденовирус, парагрипп, риновирус, метапневмовирустар бар. Әрине, бұл инфекциялар жеңіл өтуі мүмкін. Бірақ кейбір кезде тұмаудың асқынуы болады. Егер былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, апталық тіркелу жағдайлары бойынша бұрынғы маусым кезеңімен 12 пайызға төмендеген. Бірақ аймен салыстырғанда 09 пайызға көбейген», - дейді Айгүл Катренова.

Күзде адам ағзасы әлсіреп, кейбір созылмалы аурулар асқынуы мүмкін. Сондықтан бұл мезгілде ағзаның қорғаныс қабілетін сақтау үшін дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтап, дене белсенділігін төмендетпеу маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz