RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық банк сот орындаушылардың жұмысы туралы ұсыныс жасады

22.10.2026, 13:25 39

Борышкерлердің барлық банктегі шоттарын бұғаттайтын сот орындаушыларының жұмысын жүйелеу керек. Талай адамды тығырыққа тірейтін осы мәселеге қатысты Ұлттық банк Әділет министрлігіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Яғни кредитін кешіктірген адамның шотындағы соңғы тиынына дейін тартып алуына жол берілмеуі керек. Қазіргі заңнама бойынша банктер мерзімі өткен несиені өндіргенде шотта күнкөріске жететін кемі 101 мың теңге қалдыруға міндетті. Алайда сот орындаушылары ақша өндіріп алу туралы өкім жіберген кезде банк мұны ескере бермейді. Олар табыстың 50 пайызы түгілі, шоттағы ақшаны түгел сыпырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Егер Ұлттық банктің ұсынысы қолдау тапса, қарызы бар азаматтардың шотында күнкөріске қажетті қаражат сақталады. Сондай-ақ бір несие үшін бірнеше банктегі ақшаның бұғатталуына жол берілмейтін болады.

Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкінің Ақпараттық және коммуникациялар департаментінің директоры:

- Бұл норма борышкер-клиенттің күнделікті өмірін қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Осылайша, төлем талаптары негізінде мерзімі өткен берешекті өндіріп алу кезінде банктер өмір сүруге қажетті ең төменгі қаражатты сақтау талабын орындайды. Қолданыстағы заңнамада сот орындаушыларының инкассолық үкімдерін орындау кезінде борышкердің шотында күнкөріс минимумына тең қаражатты сақтап қалу мүмкіндігі қарастырылмаған. Банк мұндай үкімді шоттағы қалған ақша немесе шотқа түсетін қаражат есебінен орындауға міндетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz