RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті анықталды

22.10.2026, 15:07 43

Елімізде «ҚР колледждердің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды «24KZ». Байқауда кәсіби шеберлігімен, көшбасшылық қабілетімен және инновациялық жобаларымен ерекшеленген 100 студент үздік деп танылды.

Конкурсқа еліміздің барлық өңіріндегі 400 колледждің 5 мыңнан астам студенті өтінім берді. Байқау колледжішілік, өңірлік және республикалық деңгейде өтті.

Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және студенттердің жетістіктерін насихаттау.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz