Мұнан былай қоқысты кез келген жерге тастағандар қоршаған ортаға зиянын ғана тигізіп қоймайды, ҚР заңнамасын бұзған болып саналады, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына (Қоғамдық орындарды ластау) сәйкес, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қоғамдық орындарды алғаш ластағандарға 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ал бір жыл ішінде бұл құқық бұзушылық қайталанса, 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #қоқыс #заң #әкімшілік жауапкершілік #айыппұлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz