Астана қаласының Қ. Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес-орталықтан өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ»
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ғимараттың жертөлесінде күштік кабель тұтанған.
Апат орнына ТЖМ бөлімшелері жылдам жетті. Олар жеткенде жертөленің іші қою түтінге толып қалған.
«Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары 20 адамды эвакуациялады», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар кәсібилігінің арқасында жертөледен шыққан өртті жылдам сөндіріп, ары қарай таралуының алдын алды. Зардап шеккендер жоқ.
Тегтер #Астана #өрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz