RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда болған газ жарылысының себебі анықталып жатыр

22.10.2026, 19:31 41

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде болған жарылысқа табиғи газдың құбырдан сыртқа таралуы себеп болуы мүмкін. 

Қазір жауапты қызметтер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 06:50-де болды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан екі пәтер бүлінді. Біреуінде жөндеу жұмыстары жүріп жатса, екіншісінде ата-анасы мен үш баласы тұрған. Оқыс жағдайдан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден кейін үйлеріне қайтарылды. Ғимараттың терезелері, ішкі қабырғалары, есіктері қирады. Газдың қай жерден шыққаны және тұрғын үйге келтірілген материалдық шығын көлемі әзірге белгісіз.

Дмитрий Ким, Esentai City тұрғын үй кешені МИБ төрағасы:

- Газ сыртқа шыққан. Жертөледе газ құбырлары мүлде жоқ. Газ құбыры тікелей пәтерлерге тартылған. Жабдықтар үнемі тексеріліп тұрады. Газ қызметімен келісім-шарт жасалған. Бұған дейін барлық жабдық қалыпты жұмыс істеп тұрған. Қазандықтар пәтерлердің ішінде орналасқан. Олардың техникалық жағдайына пәтер иелері жауаты. Дегенмен, басқа тұрғын үйлердегі сияқты мұнда да  өтінім түскен жағдайда газ қызметінің мамандары келіп, тексеру жүргізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz