Елдің бірқатар өңірінде "Электронды қорғау аймағы" пилоттық жобасын іске қосу қажет.
Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова Ішкі істер министріне сауал жолдап, осындай ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, әйелдер мен балаларды қорғау бағытында біраз жұмыс атқарылғанымен, қайғылы оқиғалар әлі де тіркеліп жатыр. Аймағанова жоба шеңберінде қосымша шығынданбай, қолданыстағы профилактикалық есеп пен электронды бақылау тетіктерін пайдалануға болады деп есептейді. Қауіп туралы хабарлама түскен кездегі полиция әрекеттерін қамтитын бірыңғай алгоритм бекітілуі керек. Шағымдар мен қабылданатын шаралар цифрлық жүйеде автоматты түрде тіркелуі тиіс, деді депутат.
Айжан Аймағанова, ҚР Құрылтайының депутаты:
- Қолданыстағы қорғау тетіктері қаншалықты мүмкіндік береді деген маңызды сұрақ туындайды. Оған цифрлық мүмкіндіктер бар. Ендігі міндет - қауіпсіздікті қорғау. Оған қымбат ақпараттық технологиялар қажет емес. Профилактикалық және электронды бақылау тетіктері қазірдің өзінде бар.
Тегтер #Айжан Аймағанова #тұрмыстық зорлық зомбылық #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz