RU
Толық нұсқаға өту

«Жас Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері дрон басқаруды үйренеді

22.10.2026, 21:35 43

Алматыда «Жас Айбын» әскери-патриоттық клубына мүше оқушылар дрон басқаруды үйренеді.

Олар ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғану тәсілін де меңгереді. Қазір шаһардағы 187 мектепте «Жас Айбын» клубы жұмыс істейді. Республика күні қарсаңында бірнеше білім ошағында осындай клуб ашылып, балалар ант берді.

Мереке қарсаңында №146 мектеп-лицейінде «Жас Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды. Тоғызыншы сыныптың 25 оқушысы ант беріп, ұйымға мүше болды.

Нұрқанат Омарбаев, білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу тәжірибелік орталығының әдіскері:

- Қазіргі таңда ҚР әскери қызметшілер мәртебесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, сол жерде «Жас сарбаз» сыныптары, әскери мектептер болды. Ал «Жас Айбында» жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары болып екіге бөлінді. «Жас Айбын» әскери-патриоттық клубының алғашқы әскери дайындық сабағынан өзгешілігі - бұл тереңдетіліп оқытылады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің де нәтижесі көрініп келеді. Мектептің 11-сынып оқушысы Әлихан Хамит қаруды бірнеше секундта жинайды. Сол өнері арқылы Қазақстан чемпионы атаныпты.

Әлихан Хамит,  "Жас айбын" әскери-патриоттық клубының мүшесі:

- Мен осы «Жас Айбынға» қатысқалы бері көптеген жетістіктерге жеттім. Мен қаруды 8 секундта шашып, 10 секундта жинадым. Оны мен сегізінші кластан бері дайындалып келе жатырмын. Көптеген атуға да және басқа нормативтерге қатыстым.

Клуб мүшелері аптасына бір күн арнайы формамен жүреді. Сабақтан кейін үйірмеге қатысады. Олар әскери құрылымдардың қызметін, мақсатын зерттейді. Оныншы сыныпта оқитын балалар дронды ұшырып машықтанады. Мұнда рухани тәрбиеге де мән береді. Оқушылар батырлардың өмір жолын, қолбасшылардың әдістерін зерттейді.

Ғабидолла Нұрмұханбетов, №146 мектеп-лицейнінің директоры:

- Мұндағы біздің мақсатымыз өсіп келе жатқан жас ұрпақты, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке, өзінің елін қорғауға, өзінің елін құрметтеуге тәрбиелеу. Әскери саланы тереңірек зерттейді. Тереңірек біледі. Балалардың әрі қарай осы әскери салада қызмет етуіне мектеп тарапынан осындай ықпал жасаймыз деген ойдамыз.

Бүгінде Алматыда 6 мыңнан астам бала «Жас Айбын» сапында. Олар әр мектептің үздік, тәртібімен танылған оқушылары. Жыл соңына дейін қаланың барлық мектебінде осындай клуб ашу жоспарланған.

Авторлары Ернұр Рысбай, Айбек Ақшолақов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz