Түркістанға қатысты төрт мыңнан астам тарихи атау мен ұғым жаңа энциклопедияға жинақталды.
Республика күні қарсаңында елордада «Түркістан» атты екі томдық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақты бес жыл бойы 300-ден астам ғалым әзірледі. Жоба жетекшісі - академик Дархан Қыдырәлі. 880 беттен тұратын басылымда көне шаһардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы қамтылған. Еңбекке археологиялық олжалар, сәулет ескерткіштері, әдебиет пен фольклорға қатысты материалдар енді. Бірқатар мақала тарихи тұлғалар мен географиялық атауларға арналды. Энциклопедияның алғашқы басылымы 1998 жылы жарық көрді. Содан бері Түркістан айтарлықтай өзгеріп, жаңа археологиялық деректермен толықты.
Дархан Қыдырәлі, тарих ғылымдарының докторы, академик:
- Мемлекет басшысы 2021 жылы түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде жалпы түркі әлемін таныстыруды Түркістанды танытудан бастауымыз керек деген болатын. Біз осы сөзді басшылыққа ала отырып, сол 2021 жылы "Түркістан" энциклопедиясын әзірлеуге кірістік.
Тегтер #Түркістан #энциклопедия #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz