RU
Толық нұсқаға өту

23 қазан – Халықаралық қар барысы күні

23.10.2026, 07:05 36

Бүгін – халықаралық қар барысы күні. Бұл Қызыл кітапқа енген аң. Біздің елде 190 шамасында қар барысы бар. Мұны таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен экология саммитінде айтты. Қар барысы Тәңір тау ғана емес, Алтай тауларында да көбеюге тиіс, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір 11-і Катонқарағайдағы ұлттық паркте тіршілік етеді. Солардың біріне жақында ғана спутниктік қарғыбау салынды. Алан шамамен 2 жарым-үш жаста. Мамандар бұл жыртқышты «Алтай» деп атапты. Спутниктік қарғыбау Алтайдың қайда жүргенін, қай аумақтарды мекендейтінін көрсетеді.

Жомарт Аманбаев, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі Аршаты орманшылығының орманшысы:

–Зоология институты мамандарымен зерттеу жұмыстары басталып кетті. Жаңағы қанын алу, салмағын өлшеу, ұзындығын өлшеу, белгі салу, қарғыбауды тамағына өлшеу деген сияқты. Бұл – енді Катонқарағай үшін, жалпы ұлттық парк үшін өте үлкен жетістіктің бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz