Қазақстанда ХҚКО-лардың мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды «24KZ»
Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді. 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО-лар сағат 9:00–ден 13:00–ге дейін азаматтарды қабылдайды, — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00–ден 12:00–ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00–ге дейін беріледі.
Сейсенбі, 27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz