RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

413 млн теңге: Астанада 51 адам алаяқтың құрбаны болды

23.10.2026, 12:09 29

Астанада 51 азаматты алдап, оларға 413 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді деп айыпталған жеті адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды «24KZ»

Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, топ мүшелері төрт жыл бойы азаматтарға жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алып беруге, сондай-ақ тиімді шарттармен несие рәсімдеуге көмектесеміз деп уәде берген.

Күдіктілер өз әрекеттеріне заңды сипат беру үшін кеңселерді жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған. Олар азаматтармен қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген. Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде ықпалды таныстары бар екеніне сендірген.

Тергеу қорытындысы бойынша, айыпталушылардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі алаяқтық және қылмыстық топ жасаған алаяқтық) және 262-бабы (ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша сараланған. Қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді, — делінген хабарламада.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz