Елімізде 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «24KZ». Жоба аясында осы жылдың алғашқы тоғыз айында 10,3 мың адам жұмысқа орналасқан.
Жобаға қатысушылар қатарында әйелдер мен ауыл тұрғындары көп. Қатысушылардың 54,7 пайызы, яғни 5 658-і – әйелдер. Ал ауыл тұрғындарының үлесі 61%-ды немесе 6 324 адамды құрайды.
2022 жылы жүзеге асырылған «Күміс жас» жобасының мақсаты – егде азаматтарға жұмыс табуға көмектесу және тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасау.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #Күміс жас #жұмыс #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz