RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

«Менің Қазақстаным» атты ауқымды челлендж басталды

23.10.2026, 13:20 49

Астанада Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» атты ауқымды челлендж басталды. Оған мәдениет өкілдері, шығармашылық және спорт қайраткерлері, мектеп оқушылары мен белсенді жастар қатысып жатыр. Олар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, ел тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтауда, деп хабарлайды «24KZ».

Қатысушылар бейнежазбаларда Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің маңызы туралы ой бөліседі. Сондай-ақ әр азаматтың Қазақстанның дамуына қосатын үлесіне тоқталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың мақсаты – отансүйгіштік рухты көтеру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті нығайту.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында елордада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шара өткізу жоспарланған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz