Қ. Тоқаев: Әділеттілік – ең жоғары құндылық
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатқанымызды алға тартып, «Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отыр»,- деді. Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді, деп хабарлайды 24KZ.
Көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреді. Ұлттық қаржы жүйесі құрылды. Шекарамыз шегенделді. Қасым-Жомарт Тоқаев осының бәрін түгендей келе, бірлігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде танылғанымызды атап өтті. Енді біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құруға ат салысып жатырмыз. Президент өз сөзінде «әділеттілік – ең жоғары рухани құндылық», - деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек, дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік. Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Тоқаев #рухани құндылық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz