Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында тұратын жас отбасының шаңырағында бірден үш ұл дүниеге келді, деп хабарлайды «24KZ»
Үшемнің әкесі Аслиддин Шапахов 1998 жылы, ал анасы Зиеда Сайдурасил 2003 жылы туған. Жас отбасының тұңғышы – Турсунмурод. Енді олардың отбасына Хасан, Хусан және Усмон есімді үш ұл қосылып, ерлі-зайыпты төрт баланың ата-анасы атанды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, босандыру отасы жүктіліктің 33 аптасы 4 күнінде жасалған. Ота сәтті өтіп, ана мен сәбилердің жағдайы тұрақтанғаннан кейін олар үйіне шығарылды.

Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігерлері босандыру кезінде қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта жас ана мен үшемнің жағдайы бақылауда, тиісті оңалту шаралары жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Өңірде жыл басынан бері сегізінші үшем дүниеге келді.
Тегтер #Түркістан облысы #үшем туды #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz