RU
Толық нұсқаға өту

Медицина қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды

23.10.2026, 17:25 36

Қазақстанның 150-ден астам медицина қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды. Республика күні қарсаңында елордада салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Дәрігерлерге төсбелгілер мен құрмет граматоларын денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстады. Іс-шараға елдің барлық өңірінен медицина қауымдастығының мыңнан астам өкілі қатысты.

Полат Қазымбет, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

– Бүгін – бүкіл еліміз үшін, мемлекетіміз үшін ұлы мереке. Маған берілген марапат – «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» деген үлкен атақ. Тек қана мен емес, Т. Шарманов атындағы Астана медицина университетінің, оның ішінде өзіміз құрған радиобиология және радиациялық қорғау институтының қызметкерлерінің үлкен жеңісі, жемісі деп есептеймін. Бәріне денсаулық, үлкен бақ береке тілеймін.

Кәсіби еңбегін мойындаумен қатар мемлекет медицина қызметкерлерін қорғауды да күшейтті. Келер жылдан бастап олардың өмірі мен денсаулығын қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен келген зияннан міндетті түрде сақтандыру енгізіледі.

Манас Рамазанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

– Азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталған ауыр, қиын, кейде тәуліктеп істейтін жұмысқа қарамастан, көптеген әріптесіміз денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп келеді. Барлығы 150-ден астам медицина қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Әріптестеріміздің бір бөлігі бұл жоғары марапатты Ақордада Президент қолынан алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz