Алматыда Республика күніне орай үш бірдей жаңа балабақша ашылды. Барлығы мемлекеттік. Оған 900-ге жуық бүлдіршін барады, деп хабарлайды 24KZ.
Мектепке дейінгі ұйымдар қаланың қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай ауданында бой көтерді. Мегаполисте халық санының өсуіне байланысты балабақшаға деген сұраныс әлі де жоғары. Алдағы 4 жылда қалада 48 балабақша салу көзделіп отыр. Бұл 16 мыңнан астам баланы қамтамасыз етеді.
Эльмира Қасенова, Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы:
– Мына балабақшаға келетін болсақ, 203 балабақша 320 орынға арналған. Осы жердегі жақын тұрғылықты халыққа арналған. Бұл жерде балабақша жоқ еді. Қазір 14 мыңнан астам бала кезекте тұр. Оның ішінде 2 жас пен 6 жас аралығында 200-ден астам бала бар кезекте тұрған.
Асылзат Тәжіхан, Алматы қаласының тұрғыны:
– Осы жақын маңда тұрамын. Үш баланың анасымын. Екі балам балабақшаға келеді. Біз осы тура тұрғын үй кешенінің жанынан ашылған балабақшаға қуаныштымыз. Барлық жағдай жасалған екен. Іші кең, таза жайлы. Бізге қатты ұнап жатыр.
Тегтер #24KZ #балабақша #Алматы #республика күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz