RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті

23.10.2026, 22:20 41

Түркістан облысында соңғы жеті жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі үш есе артып, 1,6 трлн теңгеге жетті. Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында құны 34 млрд теңгеден асатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды 24KZ.

Экономиканың маңызды саласының бірі – ауыл шаруашылығында өнім көлемі екі есе ұлғайып, 1,2 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ осы уақыт аралығында өңірде 155 жаңа мектеп пен 214 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Бұл туралы Республика күніне арналған мерекелік кеште айтылды. Салтанатты жиында өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар еңбек адамына «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табыс етілді. Мерекелік жиын соңы жергілікті және шетелдік өнерпаздардың концертіне ұласты.

Алтынбек Айдарқұлұлы, «Еңбек ардагері»:

– Мен Төлеби ауданында 45 жыл жұмыс істегенмін. Мамандығым – экономист. Менің еңбегімді елеп, еліміздің «Құрмет» орденімен марапаттап жатқанына мен өте қуаныштымын.

Шәрбат Шырынбекова, білім саласының ардегері:

– Бүгін мен Мемлекте басшысының «Құрмет» орденінің иегері атанып отырмын. Оның барлығы ұзақ жылғы білім саласындағы қажырлы еңбегімнің нәтижесі деп білемін. Адал еңбек етіп жүрген еңбек адамдарының барлығын құттықтап, үлкен сый-құрметке бөлендік деп айта аламын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz