RU
Толық нұсқаға өту

Елордада «8 минут кітап оқу» жобасы өтті

23.10.2026, 22:45 32

Елорда мектептерінің бірінде бастауыш сыныптардың 900 оқушысын біріктірген олимпиада өтті. Сегіз апта бойы балалар күн сайын ұстаздары құрастырған әңгімелер жинағынан мәтіндер оқыды, деп хабарлайды 24KZ.

Ал бүгін оқушылар оқығанын қаншалықты есте сақтағанын тексерді. Ол үшін әр сыныпқа QR-код берілді. Оқушылар кодты сканерлеп, ұялы телефондары арқылы тест тапсырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқыған мәтіннің мазмұнын ұғына білуге үйрету. «8 минут кітап оқу» жобасы «12 ай – 12 кітап» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Гауһар Серікова, № 119 мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– Балаларымыз көбіне кітап оқымайды. Әр кітапты соңына дейін оқымайды. Өйткені олар телефон мен теледидарға үңіліп кетеді. Сондықтан балалардың зейінін тұрақтандыру үшін біз әр параллельге бірдей мәтінді таңдаған болатынбыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz