Қызылорда облысында үйдің ішінде газ таралып, түтін шыққанда дабыл қағатын қондырғылар тегін орнатылып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға 5 мыңнан астам датчик үлестіреді. Көбі ауыл тұрғындарына беріледі. Жылу беру маусымы басталғалы құтқарушылар мен газбен қамту мекемесінің мамандары рейд шараларын күшейтті. Олар пеш пен мұржаны тексеріп, газ және электр құрылғыларын пайдалану ережелерін түсіндіреді. Былтыр облыс бойынша 600-ге жуық үйге дабыл қондырғысы орнатылған еді. Датчиктер дер кезінде дабыл қағып, 11 адам ажалдан аман қалды.
Олжас Тұрсынбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
- 2026-2027 жылғы жылу беру маусымының басталу кезеңінде жеке үйлерде 17 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бүгінгі таңда 300-ге жуық датчик орнатылды облыс көлемінде. Басым бағытты әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға бөліп отырмыз.
Тегтер #Қызылорда облысы #газ #дабыл қондырғысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz