Елде екінші ай қатарынан азық-түлік бағасының төмендеуі байқалады.
Инфляция мен бағаны тұрақтандыру шаралары Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Бағаны тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. Мұнда өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынады. Бұдан бөлек 17-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде «Bereke Fest» және «Republic Day» акциялары өтіп жатыр. Қала тұрғындары ауыл шаруашылығы тауарларын 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алады. Серік Жұманғарин өңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің санын арттырып, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.
Тегтер #Bereke fest #RepublicDayKazakhstan #азық түлік бағасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz