RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында биыл 205 қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр

25.10.2026, 09:25 31

Абай облысында биыл кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 350 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін 205 қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл – өз кәсібін ашып, табысын арттыруға ниетті азаматтар үшін зор мүмкіндік. Қаржылай қолдауға ие болғандардың қатарында ауыл шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруге ден қойған кәсіпкерлер де бар.

Нұртай Бейбітов мемлекеттік грант туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көріп, өтінім берген. Бала кезінен құс шаруашылығына қызыққан ол «Эко бөдене» жобасын қорғап, шағын ферма ашты. Қазір бөдене өсіріп, жұмыртқасы мен етін саудалап отыр. Алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлайды.

Нұртай Бейбітов, кәсіпкер:

– Грант алғаннан кейін кішігірім ферма аштым. Қазір менде уже 300-ге жуық бөдене бар. Жұмыртқасын жұмыртқалай, етін еттей сатамыз. Қазір сұранысқа ие. Жұмыртқасы да, еті де денсаулыққа пайдалы витамин. Көбінесе балаларға алып жатады. Мен негізі мың басқа дейін деп есептегем. Тағы да клеткалар алып көбейту керек.

Қайтарымсыз грант беруге қазірдің өзінде 227 өтінім түсіп, комиссия шешімімен 97 тұрғын грант иегері атанды. Қаржының басым бөлігі кәсіп ашуға қажетті құрал-жабдықтар алуға және шағын бизнесті дамытуға бағытталған.

Ерсін Құдайбергенов, облыстық Жұмыспен қамту және ӘБ үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:

– Барлық грант алушылар аталған қаражат шеңберінде қажетті құрал жабдықтарын сатып алуда. Дегенмен мемлекеттік органдар тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіледі.( )02:30 Түскен өтінімдер арасынан басымдық ауыл тұрғындарынан. Бұл гранттар ірі қара бас мал асырау, құс асырауға жартылай полуфабрикаттар, қалалық жерде шаштараз, дәнекерлеу ісімен айналысуға, атап айтқанда, қызмет көрсету салаларына бағытталды.

Мемлекеттік қолдау қаражатының дұрыс жұмсалуына ерекше назар аударылады. Грант иегерлерінің жұмысы үнемі бақылауда. Биыл үш азамат қаржыны өз еркімен мемлекетке қайтарған.

Рүстем Қайратұлы, тілші:

– Өткен жылы жүргізілген мониторинг барысында грантты мақсатсыз пайдаланған 10 азамат анықталды. Қаражатты қайтару жалғасып жатыр. Бүгінде олардың бесеуі ақшаны толық, үшеуі ішінара қайтарған. Ал қалған екі азамат қаражатты сот шешіміне сәйкес өтеп жатыр.

Кәсіп бастауға ниетті азаматтарды қолдау жыл соңына дейін жалғасады. Әлі де 108 қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, ең маңыздысы – мемлекеттік қолдауды мақсатты пайдаланып, басталған істі тұрақты табыс көзіне айналдыру.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz