Республика күніне орай Қостанайда биіктігі 45 метрге жуық тутұғырдың ашылу салтанаты өтті. Патриоттық іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Бірер минут бұрын ғана осы жерде жиналған көпшілік биік тұғыр бойымен көк байрағымыздың көкке көтерілген сәтін тамашалады. Жергілікті өнерпаздар рухты оятатын әндер шырқап, айтулы күннің ажарын айшықтай түсті. Осының бәрін көзбен көргендер ерекше сезімде болғаны анық. Ал енді тутұғырдың дизайны мен өлшемдеріне тоқталсақ, жеке діңгек биіктігі 40 метр, төмеңгі тұғырымен қоса есептегенде 45 метрге жуық. Төменгі бөлігі ұлттық нақыштағы алтын түстес оюмен өрнектеліп, қара гранитпен қапталған. Ерекшелігіне келетін болсақ, тұғырдың басты бетінде Мемлекеттік Елтаңба мен Әнұран мәтіні жазылған тақта орнатылған. Сонымен қатар нысан арнайы жарықтандыру жүйесімен және желдің жылдамдығын өлшейтін датчиктермен жабдықталған. Жел тым қатты соққан жағдайда ту автоматты түрде төмен түседі.
Тегтер #24KZ #республика күні #Қостанай #мемлекеттік туPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz