Вашингтондағы қазақ қауымдастығы отандастарын Республика күнімен құттықтады.
Олардың қатарында АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген «Болашақ» стипендиясының иегерлері де бар. Олар елге амандық, жұртқа тыныштық тілеп, Қазақстанның ғылымы өркендеп, тәуелсіздігі тұғырлы болсын деген ақжарма тілектерін жеткізді.
Блиц
- Құрметті қазақстандықтар, баршаңызға Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтоннан «Болашақ» стипендиясының иегерлерінен дұғай-дұғай сәлем. Бүгінгі мерекеңізбен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, көктеуіміз тек аспанымызда желбірей берсін.
- Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ мемлекеті бай болсын. Жақсы-жақсы жаңалықтарды Қазақстаннан ести берейік. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.
- Республика күнімен құттықтаймын. Қазақстанға тілейтінім – жарқын болашақ, ғылымның дамуы және еліміз аман, тыныш болсын.
- Елімізде мәңгі тәуелсіздік болсын деймін. Мына қазір біз АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатырмыз. Соған орай айтатыным – еліміздің болашағы жарқын болсын, ғылым қарыштап дамысын. Аман болайық.
Тегтер #Вашингтон #АҚШ #қазақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz