RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне екі мыңнан астам адам қатысты

25.10.2026, 21:00 42

Алматы облысында Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне екі мыңнан астам адам қатысты.

Салтанатты шара өңір орталығындағы Ту тұғыры алаңында өтті. Жиынға тұрғындар, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жастар жиналды.

Көк байрақ көкке көтеріліп, алаңға жиналған жұрт Әнұранды бірге шырқады. Салтанатты рәсімге өңір басшылығы, тұрғындар, жастар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Республика күнінің тарихи маңызын атап өтті.

Ералы Разакулов, Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- Республика күні қазақ елі үшін жалпы маңызды күн. Бүгін осы мерекеге орай облыс әкімі қатысуымен Қазақстан Республикасының туының көтеру рәсіміне қатысып отырмыз. Барша елімізді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанымыз өркендей берсін. 

Мерекелік шаралар облыстың барлық ауданы мен қаласында жалғасып жатыр. Жалпы өңірде 250-ден астам мәдени және танымдық іс-шара жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттермен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ел тарихын танытатын кездесулер де өтеді.

Ғани Майлыбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Бүгін, ертең Республика күніндегі негізгі шаралар тек ғана концерттің айналасында емес, жаңа танымдық бағытта да жүрді. Жаңағы айтып отырған 28 нысанның ішінде жаңа құрылыс нысандары бар, жаңадан жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұның барлығы осы Республика күніне біздің облыстың кәсіпкерлерінің облыстың тұрғындарына деген сыйы. Одан бөлек барлық кәсіпкерлер арнайы жеңілдіктер ұсына білді.

Мерекелік жиын өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Авторлары Гүлім Советқан, Аманжол Жөнкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz