Республика күніне тарту ретінде Тобыл-Торғай өңірінде бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Қостанайдың өзінде инклюзивті спорт орталығының іргетасы қаланып, құрылысы басталды. Бұл салтанатты рәсімге өңір басшысы Құмар Ақсақалов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, пара спортшылар қатысты.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанайда инклюзивті спорт және дамыту орталығы құрылысының басталуы соның айқын дәлелі.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
- Президент әр облыс орталығында инклюзивті спорт орталығын салу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа тек бюджеттен ғана емес, бұл үлкен жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры да өз үлесін қосуда.
«Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен еліміздің бірнеше өңірінде осындай инклюзивті спорт орталықтары бой көтерді.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:
- Жетісу облысында, Талдықорғанда, Абай облысында Семейде, Қызылордада салып біттік. Енді осы бүгінгі іс-шара осының бастамасы Қостанай қаласында. Бұл жерде спортпен шұғылданамын деп келіп жатқан адамдарға барлық мүмкіншіліктер болады.
Жоба бойынша жаңа нысанда мүгедектігі бар адамдар 10 спорт түрімен айналыса алады. Жеке тренажер залы болады.
Аруна Жақсағұлова, пара биден спорт шебері:
- Бүгін өте қуанышты күн болып жатыр. Енді осындай орталықтың арқасында қаншама жас параспортпен айналысып, ертең біздің Қазақстанымыздың мерейін көтере береді.
Өңірде «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен төрт жылдың ішінде жаңадан тұрғын үйлер, 50 әлуеметтік нысан салынды. Ал Республика күні қарсаңында Қарабалық ауданы орталығындағы және Троебрат ауылындағы Мәдениет үйлерінің айналасы абаттандырылып, заманауи құралдармен жабдықталды.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг
Тегтер #республика күні #RepublicDayKazakhstan #инклюзивті спорт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz