RU
Толық нұсқаға өту

Елде 4 жылда 5 мың шақырым теміржол салынады

26.10.2026, 09:14 43

Елде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолды жаңғырту жоспарланған. Бұл – Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» бағдарламасында көзделген міндеттердің бірі. Бүгінге дейін 5,5 мың шақырым жол жөнделді. «Қазақстан теміржолы» компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2023-2025 жылдары 4 мың 448 шақырым жол жаңғыртылады. Ал жыл басынан бері 1 мың 52 шақырым болат жол жөнделді, деп хабарлайды 24KZ.


Теміржол құрылысы да қарқынды. Жалпы алдағы төрт жылда 5 мың шақырым теміржолды жаңадан тарту жоспарланып отыр. Достық-Мойынты, Алматы айналма теміржолы сияқты жобалар мәреге жетті. Мойынты-Қызылжар теміржолы түйісті. Енді Бақты-Аягөз арасында құрылыс жүріп жатыр. Қашықтығы 303 шақырым болатын жол келесі жылдың аяғына дейін салынып бітуге тиіс. Ал 130 шақырымдық Дарбаза-Мақтарал теміржолы биыл жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Ерсұлтан Абдрахманов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті Теміржол инфрақұрылымы басқармасының басшысы:

– Қызылжар – Мойынты және Бақты – Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаларды іске асыру Орталық Азия бағытындағы өткізу қабілетін қосымша 20 млн тоннаға, ал Қытай бағытындағы өткізу қабілетін тағы 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Жобаларды аяқтау мерзімі тиісінше 2026 және 2027 жылдарға жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz