Елде кейінгі жеті жылда 1 мың 200-ден астам медициналық нысан салынды. Нәтижесінде 1 млн жуық ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекпен қамтылды. Игі бастамалар барлық өңірде жалғасады, деп хабарлайды 24KZ.
Инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында алдағы төрт жылда тозығы жеткен ғимараттардың санын 30 пайызға дейін азайту көзделген.
Ұлт саулығы – болашақ кепілі. Бүгінде елде халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында кешенді жұмыс қолға алынды. Соның нәтижесінде кейінгі 7 жылда 1200-ден астам медициналық нысан бой көтерді. Атап айтсақ, 32 аурухана, 19 емхана мен мыңнан астам медициналық бөлімше ел игілігіне тапсырылды.
Абай облысының Көктүбек ауылында салынған мына сыңғырлаған су жаңа нысанды халық көп күтті.

Айжан Қамзанова, Көктүбек ауылының тұрғыны:
– Бұл медициналық пунктінің ашылуы ауылымыздағы халықтың алдын ала денсаулығын сақтау мақсатында профилактикалық кеңес алу керек екендігін түсіндіріп, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Енді бұл медициналық пунктта ауылымыздың фельдшері Шынас Сайтбекқызы жұмыс жасайды. Шынар апайымыз 30 жалдан астам еңбек өтілі бар. Әрбір науқастын көңілін таба білетін, дертіне шипа бере білетін.
Бұл жобалардың дені – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жемісі. Осылайша, 1 млн-ға жуық ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізді. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары шалғай елді мекендермен қатар облыс орталықтарында жүзеге асты. Биыл Қарағандыдағы онкологиялық диспансердің ғимараты жаңарып, құрал-жабдықтар толықтырылды. Енді дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға уақтылы көмек қолын соза алады.
Гамаль Тоқсамбаев, Қарағанды қаласы №3 көпсалалы ауруханасының директоры:
– Бұл жаңа корпустың бір қабатында 15 реанимациялық төсек-орын орналасқан. Сондай-ақ жылына 7000 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік беретін 7 заманауи операциялық бөлмелері бар. Яғни науқастарға дер кезінде көмек беруге мүмкіндік береді.
Елде денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға арналған арнайы тұжырымдама қабылданды. 2030 жылға дейін тозығы жеткен емдеу мекемелерінің үлесін 30 пайыз, ал бейімделген ғимараттарды 25 пайызға дейін төмендету көзделген. Бұл медициналық қызметтің сапасын арттырып, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Авторлары: Назерке Тоқжан, аймақтағы тілшілердің көмегімен
Тегтер #24KZ #жетістіктер #медициналық нысандар #жеті жыл #Қарағанды #денсаулық сақтау саласыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz