RU
Толық нұсқаға өту

40 мың шақырым жолдың цифрлық төлқұжаты әзірленді

27.10.2026, 07:18 43

Енді әрбір автожолдың цифрлық төлқұжаты болады, деп хабарлайды 24KZ.

Елде e-Joldar бірыңғай платформасы құрылып жатыр. Мұнда көлік инфрақұрылымының жай-күйі, мердігер ұйымдар, ақаулар мен жөндеу жұмыстары жайлы мәліметтер енгізіледі. Салалық министрлік мамандарының хабарлауынша, қазір 40 мың шақырым жолдың цифрлық төлқұжаты әзір. Бірыңғай платформа келесі жылы іске қосылады. Жасанды интеллект жол сапасын бақылауға көмектеседі. Сол арқылы уақыт үнемделеді. Мәселен, бұған дейін 100 шақырым учаскені тексеруге 4 жұмыс күні кетсе, енді небәрі 4 сағатта атқарылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz