Биыл да газ инфрақұрылымын дамыту жұмысы жанданды.
40 жоба қолға алынса, жетеуі өтпелі және 33-і жаңа. Нәтижесінде тағы 36 мыңдай адам көгілдір отын игілігін көреді. Ал, 2035 жылға қарай халықты газбен қамту көрсеткішін 80 пайызға көтеру көзделген. Жоспар 4 бағытта өрбиді. Солтүстік өңірлер үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбыры тартылады. Сосын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» құбырының екінші желісінің құрылысы жалғасты. Үшінші – Жетісу облысының елді мекендерін газға қосу мақсатында «Талдықорған – Үшарал» магистралі бар. Бұдан бөлек өңірлік газдандыру жобалары жүзеге асырылады.
2026 Ж: 40 ЖОБА
36 МЫҢ АДАМ
2035 Ж: 80% ҚАМТУ
МАГИСТРАЛЫДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫ: «ИШИМ – АСТАНА»
«БЕЙНЕУ – БОЗОЙ – ШЫМКЕНТ»
«ТАЛДЫҚОРҒАН – ҮШАРАЛ»
ӨҢІРЛІК ГАЗДАНДЫРУ
Тегтер #газдандыру #бағыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz