RU
Толық нұсқаға өту

Жыл басынан бері елімізде қылмыс 15% төмендеген  

27.10.2026, 13:42 42

Жыл басынан бері елімізде қылмыс саны 15 пайызға азайып, ашылуы 5 пайызға артқан.

 Ішкі істер министрі Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі бес бағытының жүзеге асу барысын баяндады. Ведомство басшысының айтуынша, 14 миллионға тарта әкімшілік құқық бұзушылық ауыздықталған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың жаңа стандарты бойынша 58 мың адам тексерістен өткізіліп, оның 2 мыңы тәуекел тобына жатқызылды. Ал екінші бағыт қауіпсіз және қолайлы өмір сүру ортасын құруды көздейді. Бұл бойынша қоғамдық орындарда 2 миллионға жуық камера орнатылып, 65 мың аула бейнебақылаумен жабдықталған. Нәтижесінде 13 мыңнан астам қылмыс әшкереленді. Үшінші бағыт билік органдарының ашықтығын қамтамасыз етуге негізделсе, қалған бағыттарда Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету, азаматтық белсенділікті ынталандыру мәселелері бойынша азаматтық қоғамдастықпен әріптестік байланысты дамыту міндеті назарға алынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz