Астанада Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің екінші халықаралық форумы өтіп жатыр.
Жиында қазақстандық және шетелдік сарапшылар бала құқықтарын қорғау, елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және қолданыстағы жүйелерді одан нығайту мәселелерін талқыланды.
Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:
- Форумда балаларды цифрлық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғау, оларды психологиялық қолдау және барлық балаға тең мүмкіндік жасау мәселелері талқыланып жатыр.
Жиын қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, цифрлық ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қарар қабылданады.
Құжатта балалардың пікірін шешім қабылдау кезінде ескеру, ұлттық қорғау жүйелерін жетілдіру және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне басымдық берілген. Сондай-ақ кибербуллингпен күресу, балаларға психологиялық көмек көрсету және ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру міндеттері қамтылған. Біл туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілә Динпра Закиева айтып берді. Сол сұхбаттан шағын үзіндіні қоссақ:
Динара Закиева, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Құрылтай Төрағасының орынбасары
- Форумның шеңберінде біз резолюцияны қабылдайтын боламыз. Біріншіден, бұл резолюцияның шеңберінде барлық елдерде балаларға арналған цифрлық құралдарды енгізу бойынша шешім болады деп ойлаймын, себебі қазіргі таңда цифрлық құралдар балалармен тікелей байланыс құру өте пайдалы. Мысалы, қазіргі таңда мемлекетімізде жүз он бір QR енгізілді. Күн сайын балалар осы жүйе арқылы хабарламаларды, смстарды жібереді.
Бұдан бөлек балалардың құқықтары бұзылған жағдайда көмекке жүгіне алатын қауіпсіз әрі құпия байланыс арналарының қолжетімділігін арттыру ұсынылды. Оның ішінде арнайы сенім телефондары мен QR-код арқылы өтініш беру тетіктерін дамыту көзделген. Қарарда Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдеріне арналған бірыңғай цифрлық платформа құру мүмкіндігін қарастыру ұсынысы да бар. Бұл өңір мемлекеттері арасында ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қабылданған келісімдердің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық дамуына және технологиялық шешімдеріне оң баға берді.
Сурайё Рахмонова, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
- Қытай, Жапония, Корея сияқты Азия елдері цифрландыру және цифрлық ортада бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында алдыңғы қатарда. Бүгінгі форумның да негізгі тақырыптарының бірі балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе Өзбекстан үшін де өзекті. Өйткені интернеттегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлем елдеріне ортақ әрі күрделі міндет. Қазір біз де осы бағытта тиімді шешімдерді қарастырып жатырмыз.
Кездесуге қатысушылар өңірлік әріптестікті нығайту әр бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімді. Сарапшылар балалардың дауысы шешім қабылдау кезінде ескеріліп, нақты оң өзгерістерге жол ашуы тиіс.
Тегтер #балалар құқығы #қарар #24KZ #Динара ЗәкиеваPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz