RU
Толық нұсқаға өту

Уильям ханзада BBC-де Қазақстанның киік популяциясы туралы айтты

27.10.2026, 17:24 38

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалай қалпына келтіргенін айтты. Жетістігін жоғары бағалады. Ол BBC арнасындағы Грэм Нортонның The Graham Norton Show бағдарламасында қонақта болғанда, Қазақстандағы киіктер жайлы әңгіме қозғалып, Уильям ханзада жануардың жойылып кету қаупі аса жоғары болғанына тоқталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ал қазір олардың саны қайтадан күрт көбейгенін жеткізді. «Бұған Қазақстан үкіметінің ел үшін де, табиғатты қорғау ісі үшін де киіктің маңызды екенін түсінуі және оны сақтауға бар күш салуы себеп», – деді ол. Айта кетейік, «Алтын Дала» қазақстандық табиғат қорғау бастамасы «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Қазір ақбөкен саны 4 млн 689 мың басқа жетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz