RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда SOVMIN FORUM 2026 аясында үздік медициналық ғылыми жоба анықталды

27.10.2026, 23:00 36

Алматыда медицина саласына тың серпін беретін ғылыми жұмыстар таныстырылды. Жобалар Ұлттық ғылым академиясында өткен SOVMIN FORUM 2026 конференциясында ұсынылды. Биыл байқауға 20-ға жуық өтінім түсті. Алдын ала іріктеуден кейін 11 жұмыс финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24KZ.

Жас ғалымдар клиникалық медицина мен мейіргер ісіне қатысты зерттеулерін таныстырды. Кейбір жобалар қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін зерделеуге арналған. Форумда осы жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Медицинада жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту жайы да сөз болды. Ғалымдар денсаулық сақтау саласын цифрландырып, диагностика мен емдеудің жаңа тәсілдерін ойлап табуды жоспарлап отыр.

Аслы Теменова, Ұлттық госпитальдің анестезиолог-реаниматолог дәрігері:

– Үздік бес жобаның ішінде менің жобам екінші орынға ие болды. Жобаның негізгі мақсаты – нейрохирургиялық науқастарға көрсетілетін көмекті жетілдіру, операция кезінде және периоперациялық кезеңде науқастардың жағдайын кешенді түрде жақсарту, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде церебралдық қолдау көрсету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz