Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, ел өміріндегі маңызды тарихи кезеңдерге тоқталды. Президент биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетінін айтып, мемлекеттілікті нығайту жолындағы негізгі оқиғаларды атап өтті.
Президенттің сөзінше, 25 қазанда атап өтілген Республика күні — ел тарихындағы маңызды белес. Дәл осы күні Егемендік туралы декларация қабылданып, Қазақстанның дербес мемлекет болуына жол ашылды. Кейін еліміз Тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттіліктің негізін бекітті.
Тегтер #президент #жолдау #24жаңалықтар #24KZБиыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды.
Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға болады. Өйткені Конституцияда Қазақстанның қазіргі бітім-болмысы мен болашақтағы бейнесі нақты айқындалды.
Азаматтарымыз жаппай қолдаған Конституция 1 шілдеде заңды күшіне еніп, еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі жаңғыруына, жаңа билік институттарының құрылуына үлкен серпіліс берді.
Жұртымыз жарқын болашаққа бастайтын ауқымды жұмысты атқаруға белсенді түрде кірісті. Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр. Бұл мәселе аса маңызды болса да, көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын, - деді Президент.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz