RU
Толық нұсқаға өту
Ақорда

2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын - Президент

28.10.2026, 12:16 43

Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандары салынып, жөнделуі керек.
  
«Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет.
 Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді.
 Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», - деді Президент.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz