Мемлекет басшысы Жолдауында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау маңызды міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды «24KZ».
Соңғы жылдары ерекше қажеттілігі бар балалардың саны артып жатыр. Осыған байланысты Президент арнайы инфрақұрылымды дамыту, білікті мамандар тапшылығын азайту және балалардың ерекшеліктерін ерте жастан анықтау жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Жолдау2026 #инклюзивті білім #24жаңалықтар #24KZ«Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн.
Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар.
Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде.
Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет.
Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн».
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz