Алматы облысында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» тас жолының 74 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жұмыстары аяқталды. Жолдың бұл бөлігі соңғы рет 30 жыл бұрын жөнделген, деп хабарлайды 24KZ.
Тас жол облыс орталығы мен Алматы қаласын шалғайдағы шекаралас ауданмен байланыстырады. Сонымен қатар қайта жөндеуден өткен жол трансшекаралық тасымалдарды дамыту үшін маңызды және «Кеген – Түп» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жобасының бір бөлігі болып саналады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сапалы жолдар мен заманауи жол бойы инфрақұрылымының маңыздылығын атап өтті. Өйткені бұл саланы дамыту Қазақстанның халықаралық транзиттік дәліз және Еуразиядағы ірі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға көмектеседі.
Дархан Иманашев, — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасы:
– Жалпы Алматы облысы бойынша орташа жөндеу жұмыстарына 32 млрд қаражат бөлінді. Соның аясында 400-ден астам шақырым орташа жөндеумен қамтылды. Енді осы жылы барлық жобаларды ашып жатырмыз.
Тегтер #24KZ #тас жол #Алматы облысы #Нарынқол #кеген #жолдау 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz